С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы «Балбөбек» шағын орталығы

http://balkhash.goo.kz/media/img/photohost/5a8ec9790ae27.JPG

Қазіргі таңда шағын орталықта жас ерекшеліктеріне қарай 3 топ жұмыс жасайды.

  http://balkhash.goo.kz/media/img/photohost/5a8ec98fea3ae.JPG

Ересек  топ «Балауса»  4-5 жас аралығында

Тәрбиеші:Калибекова Ж.Б, Беисова А.Н.

Тәрбиешінің көмекшісі: Калибекова С.С.

Топ «Айгөлек» 3-4 жас аралығында

http://balkhash.goo.kz/media/img/photohost/5a8ec9ac551ff.JPG

Тәрбиеші: Кыздарова А.Б ,Капасова А.А.

Тәрбиешінің көмекшісі: Жангирова Д.А

 

http://balkhash.goo.kz/media/img/photohost/5a8ec99e8803e.JPG

Топ «Балапан» 3-4 жас аралығында

    Тәрбиешілер:Торғаутова  М.Д , Мейрамбек Л.М.

Тәрбиешінің көмекшісі: Хамиева А. Г

         Осындай жас ерекшеліктерін ескере отырып, гигиеналық талаптарға сәйкес балалардың ойын, оқу және жататын бөлмелері кіріктіріле жаптықталған 4 топ бөлмелері бар 1 қабатта орналасқан. Онда 66 бала қамтылған. 1 бөлме «Асхана», қалған 3 бөлмелер топтарға арналған.Аталмыш орталықтын жұмыс тәртібі 5 күнге негізделген. Бөбектердің жатын, жуынатын бөлме, сабақ кестесі  және күн тәртібі санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жасалған. Балалар танертен 07.30-дан қабылданып, 18.00-ге дейін тәрбиеленеді. Шағын орталықта Әдіскер, 6 тәрбиеші, психолог, медбибі, 3 тәрбиеші көмекшісі, кір жуушы қызмет атқарады.Танертенгі сағат 8.00-де жаттығулар басталып әрі қарай әр топ өз күн тәртібіне байланысты жұмыстарын жалғастырады.  Ата – аналарды топ өміріне тарту және әртүрлі бірлескен іс - әрекет түрлерін, мерекелер мен сауық кештерін ұйымдастыруға көңіл бөлінеді. Тіпті әр мерекеге байланысты өткізілетін ертеңгіліктерді тек балалармен ғана емес, ата-аналармен де  бірлесе отырып, көңілді  әрі қызықты өткізеді, ата – аналар бұрышында мерекелерде құттықтаулар, ақыл кеңестер беріліп тұрады.Шағын  орталық топтарында ойындармен қоса математика, тіл дамыту, орыс тілі, дене шынықтыру, ән-күй, айналамен таныстыру, жапсыру, сурет салу, құрастыру сияқты сабақтар да жүргізіледі. Математика сабағында санауды үйренсе, тіл дамытуда сөйлеу арқылы тілін дамытады.Сонымен қатар тәрбиешілердің  біліктіліктерін арттыру мақсатында апталықтар жариялау қолға алынған. Мыс: математика  апталығында балалардың ақыл- ойын, зейінін дамыту санау, заттар мен цифрдың сәйкестігін табу болса, тәрбиешінің қаншалықты мақсатына жеткендігін талдау арқылы түсінеді. Әріптестерінің сабағына кіру, көру арқылы өзінің қателігін түсініп, салыстырып, өз ойын ортаға салуға үйренеді.