Қала мектептеріндегі оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсетудің іске асырылуы

«Қамқорлық»  акциясы туралы  ақпарат

Қаламызда 2017 жылғы 10 қаңтар - 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы өткізілді.

Акция мақсаты: әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ кимідерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу.