Мектептік тамақтану

Жалпы білім беретін мектептердегі

оқушылардың тамақтандырылуын ұйымдастыру

жұмысы туралы ақпарат

       Мектепте оқушылардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру оқудың тиімділігінің және олардың денсаулығын қолдаудың негізгі тиімді факторларының бірі болып табылады.

         2017 жылы қаланың 17 мектебінде (2014 жылғы 3 наурыздағы №127 ҚРТЕ сәйкес) тамақтануды ұйымдастыру бойынша конкурсты жеңген  жеке кәсіпкерлермен іске асырылды.

         Асханалар тамақтанудың санитарлы-гигиеналық қауіпсіздікпен қамтылған. Тамақблогтар жағдайы санитарлық талаптарға сай.

Тағамға және тамақблогына арқашан ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі  тарапынан қадағалау жүргізіліп тұрады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда қаланың барлық мектептерінде дұрыс тамақтануды дәріптеу бойынша іс-шаралар жоспары жасалып бекітілген, мақсаты балалардың   сапалы тамақпен қамтамасыз ету мен дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру.