Музейге экскурсия
13-09-2018 17:34
Музейге экскурсия

2018 жылғы 12 қыркүйекте «Бөбек»МЖДМ КМҚК 2018-2019 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес, Балқаш қаласының қала күніне орай ересектер топ бүлдіршіндерінің ой - өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, балалардың бойында ата - бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып - өскен жеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында қалалық тарихи - өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырылды.

Бүлдіршіндер «Жануарлар», «Археология», «Мәдениет және өнер», «Тәуелсіз Қазақстан», «Сыр өлкенің дамуы» залдарына саяхат жасады.

Балқаш көлінің ҚР Қызыл кітабына енгізілген балықтарды және Балқаш өнірінің ҚР Қызыл кітабына енгізілген құстарды тамашалады.

Мұражайдың қызметкерлері бүлдіршіндерге қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартыс» ойынын ойнатты. Балалар өте көтеріңкі көңіл - күймен балабақшаға оралды.