«Жаз айында көлге түсудің қауіпсіздік ережелерін» дұрыс сақтау жайында кішкентай бүлдіршіндерімізбен іс-шара
12-07-2018 15:25
«Жаз айында көлге түсудің қауіпсіздік ережелерін» дұрыс сақтау жайында кішкентай бүлдіршіндерімізбен іс-шара

2018 жылғы 10 шілде күні «Бөбек» балабақшасының қабырғасында «жаз айында көлге түсудің қауіпсіздік ережелерін» дұрыс сақтау жайында кішкентай бүлдіршіндерімізбен іс-шара өтті. Кішкентай бүлдіршіндерге қонаққа Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкері және «Балқаш қаласы Н.К. Крупская атындағы №4 жалпы білім беретін орта мектеп» оқушылар келді. Аталмыш іс – шарада бәрі болды: түрлі ойындар, тапсырмалар, топтық билер, балаларға керекті қызықты мәліметтер де болды. Көлге түсу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайық!