«Діни экстремизм және терроризм»
05-04-2019 15:00
«Діни экстремизм және терроризм»

Балқаш қаласының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ маманы Ж.Х. Жапарбекова «Ақбота» балабақшасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен таныстыру мақсатында кездесу өткізді. Алдау-арбау  кезінде қолданылатын тәсілдер мен халықтың осал топтары талқыланды. Мәселен, сарапшылардың пікірінше, жастар өздерінің жасына байланысты жағдайды терең талдай алмайды және әртүрлі әсерлерге оңай бейімделе алатынын айтып, аудиториямен кішігірім ойын жүргізді.