«Үйренерім көп менің»
25-01-2019 15:35
«Үйренерім көп менің»

   Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері – отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыра отырып, жалпы адамзаттық құндылықтардың мәнін ашу мақсатында Балқаш қаласының «Ақбота» балабақшасында 2019 жылдың 25 қаңтарда «Үйренерім көп менің» атты ата-аналардың қатысуымен семинар өтті.

   Семинарды балабақша директоры А.Б.Кишкиндаева ашып, кіріспе сөз сөйледі. Барысындапедагог-психолог Г.Д.Стамбекова, ата-аналармен «Жүрек жылуы» танысу тренингісін өткізіп, тәрбиеші А.А.Рахимбекова, бала мен балабақша туралы презентация жүргізді. Ата-анамен баланың, тәрбиешінің арасындағы проблеманы айқындау ретінде балабақша тәрбиешілері кішігірім көрініс көрсетті. Тәрбиеші А.Т.Есимбекова ата-аналармен және педагогтармен «Сиқырлы доп» атты сергіту сәтін өткізсе, тәрбиеші А.А.Рахимбекова, «Алтын сандық» деген миға шабуыл ойынын жүргізді. Сонымен қатар тәрбиеші Ж.Т.Кашкинбекова, «Шығармашылық» саласы бойынша шеберлік сынып ұйымдастырса, ал педагог-психолог Г.Д.Стамбекова барлық семинар қатысушыларымен «Сіз қалай отырасыз» атты психологиялық тест жүргізді. Семинардың аяғында, басында айқындаған проблеманы шешіп, ата-аналардың ізгі тілектерімен, қорытындыладық.