"Әр бала бір жұлдыз!"
26-05-2018 13:06

Мамыр айының 24,25 жұлдызында "Ақбота" балабақшасының "Еркетай", "Балдәурен" ортаңғы топтарында, "Шұғыла" ересектер тобында "Әр бала бір жұлдыз" атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі болып өтті. Ертеңгілік барысында топ тәрбиеленушілері ән айтып, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Үш тілді меңгеріп жүрген болашақ өрендеріміз орыс, ағылшын тілдерінде тақпақ айтып, қойылым қойды. 

Талантты да талапты бүлдіршіндерімізге ақ жол тілейміз!