Педагогикалық кеңес
30-03-2018 12:43
Педагогикалық кеңес

Наурыз айының 29-ы жұлдызында "Ақбота" балабақшасында "Инновациялық технологияларды қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың үштілдік құзіреттілігін қалыптастыру" атты іскерлік ойын түрінде педагогикалық кеңес болып өтті. Педагогикалық кеңестің басында балабақша әдіскері К.М.Карибекова педагог мамандарды тақырыптық тексерістің қорытындысымен таныстырып өтті. Келесі кезекте тәрбиеші Г.Абдикаримова "тіл үйретуде ойын технологиясын қолдану" атты презентация баяндама оқыды. Тәрбиеші Ж.Шекен және ағылшын тілі оқытушысы А.Умиржанова педагог мамандармен "Сөздік мозаика" атты іскерлік ойын ойнатып, педагогикалық кеңесті қорытындылады.