Размер шрифта:
«Жас ұрпақ денсаулығы – Отанымыздың болашағы» отбасылық спорттық – музыкалық мереке
13-02-2018 14:13
«Жас ұрпақ денсаулығы – Отанымыздың болашағы» отбасылық  спорттық – музыкалық мереке

13.02.2018 жылы «Ақбота» балабақшасында XXIII қысқы Олимпиада ойындарының басталуына орай ортаңғы топ тәрбиеленушілері және ата – аналарының қатысуымен «Жас ұрпақ денсаулығы – Отанымыздың болашағы» аттыотбасылық  спорттық – музыкалық мереке болып өтті. Биатлон, хоккей сияқты спорттың кейбір түрлерінен бақ сынаған тәрбиеленушілер мен ата – аналардың спортқа деген қызығушылықтары басым болды. Спорттық – музыкалық мерекеде «Еркетай» ортаңғы тобының тәрбиеленушілері «Көңілді аэробика» биін билесе, «Балдәурен» ортаңғы тобының тәрбиеленушілері «Қошақаным» әнін шырқады. Спорттық – музыкалық мерекеге қатысқан ата – аналар мен тәрбиеленушілер алғыс хаттармен, дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табысталды.