«Шырша, жасай бер!»
05-01-2018 15:00
«Шырша, жасай бер!»

05.01.2018 жылы «Ақбота» балабақшасында Бүкіл әлемдік жасыл шырша мерекесіне арналған қалалық «ЭКОШ» ұйымы және балабақшамыздың «Алтын күн» эко клубының ұйымдастыруымен «Живи, ёлочка!» атты акция болып өтті.  Акция барысында «Шұғыла» ересектер тобының қатысуымен «Шырша, жасай бер!» атты экологиялық ертегінің қойылымы көрсетілді. Сонымен қатар, балабақша тәрбиеленушілері «шырша» жайлы тақпақтар айтып, өлеңдер шырқады. Акция соңында қалалық «ЭКОШ» жетекшісі Л.К.Страшкоға сөз беріліп, акцияны қорытындыладық.