Асфальтта сурет салу конкурсы
17-08-2018 16:01
Асфальтта сурет салу конкурсы

17 тамыз күні біздің балабақшада "Асфальтта сурет салу конкурсы"өтті. Конкурсқа сурет салғанды ұнататын барлық балалар қатысты. Сурет салу үшін ашық түсті борларды пайдаланды, балалардың көңіл күйлері  көтеріңкі , әрі қуанышты болды.Түрлі-түсті борлармен сурет салу  балалардың ойлау қызметін жаттықтырды. Балалар гүлдер мен ағаштардың, күн мен бұлттың, жәндіктердің суреттерін салды. Суреттері өте қызықты,ерекше мейірімді, әдемі болып шықты. Асфальтта сурет салу конкурсы -  біздің балабақшадағы жыл сайын жазда өтетін  дәстүрлі конкурсқа айналды. Міне, біздің балабақшамыздағы жаздың бір күні осылай өтті. Әрбір бала үшін  өздерінің жасаған жұмыстары қызықты және мазмұнды болды.