«Сумен ойындар»
31-07-2018 14:43
«Сумен ойындар»

27 шілде күні біздің балабақшада  көңіл көтеру шарасы өтті.  Көңіл көтеру шарасының мақсаты- суға ұқыптылықпен қарауды қалыптастыру және балаларға қуанышты көңіл күй сыйлау. Сонымен қатар физикалық қасиеттерін дамыту: жылдамдыққа, төзімділікке, ептілікке. Балаларға Бұлт мен Күн  қонаққа келді.Кейіпкерлер балалармен бірге жарыстарға белсене  қатысып, ән айтып, би билеп, жұмбақтар шешті.  Балаларға өте көңілді және қызықты болды.