Размер шрифта:
Астана мерейтойына арналаған мереке.
05-07-2018 15:50
                   Астана мерейтойына арналаған мереке.

2018 жылдың 5 шілдесінде «Айгөлек» МДБМ Астана күні қарсаңында «Астана – ұлы дала елордасы» атты балалар мерекесі өтті. Бұл республикамыздың астанасына - Астана қаласына балалардың берген көңілді, жарқын, есте қаларлық мерекесі.Ертеңгіліктің мақсаты - Астана қаласының пайда болу тарихымен танысу, қызығушылығын дамыту, патриоттық сезімдерді, Отанға деген сүйіспеншілікке, астананы құрметтеуге тәрбиелеу. Балалар Қазақстан, Астана, достық туралы өлеңдер оқыды, туған өлке туралы әндер айтты, би өнерлерін ортаға салып, «Арқан тартыс»,  «Шаңырақ» ұлттық ойындарын ойнады. Педагогтар мен балалар ұлттық билерден флешмоб ұйымдастырды. Барлығы көңілді өтіп, іс-шара «Байтерек» жалпы бимен аяқталды.