«Айгөлек» МДБМ ашық оқу қызметі
23-05-2018 16:26
«Айгөлек» МДБМ ашық оқу қызметі

«Айгөлек» балабақшасында жылдық жоспар бойынша өтілетін ашық оқу қызметтерін көру аяқталды. Балабақша педагогтары әріптестерінің назарына «Қаңбақ шал жас ғылымдар лабораториясында» тақырыбында кіріктірілген  сабағын ұсында. Оқу қызметі «Қаңбақ шал» кейіпкерінің қатысуымен ойын түрінде өтті. Онда балалардың зерттеушілік қызметке қызығушылықтары оянды. Балалар адам өміріндегі ауаның маңызы, олардың қасиеттері туралы білді және қарапайым тәжірибелер жасады. «Өзін-өзі тану» оқу қызметінде «Моя любимая семья» тақырыбында балалар өз отбастары, сезіидері, ойлары мен іс-әрекеттері туралы әңгімеледі. Педагогтарға өзін-өзі тануда «Круг радости», «Помечтаем»,  «Побеседуем» әдіс-тәсілдері ұнады. Балабақша педагогтары әріптестерінің жұмыстарын көріп қана қойған жоө, сонымен қатар көрген іс-шараның талдануына белсене қатысты. Өткізілген іс-шаралар жоғарғы әдістемелік дәрежеде өтті.