«Оқушылар сарайы» КМКҚ жанындағы «Балауса - 2018» сауықтыру-демалу орталығы
26-06-2018 11:34
«Оқушылар сарайы» КМКҚ  жанындағы  «Балауса - 2018» сауықтыру-демалу орталығы

   2018 жылдың 1 маусымында  «Оқушылар сарайы» КМКҚ жанындағы «Балауса» сауықтыру-демалу орталығының балаларды қорғау күніне арналған «Қош келдің, жаз» атты мерекелік концерт өтті.

    Балалар Оқушылар сарайының үйірмешілерімен, ертегі кейіпкерлерімен, билеп, ән айтып, ойындар ойнады.

    Мерекелік концерттең кейін балалар ойын алаңына барды. «Жас суретшілер», «Ұшқыштар», «Жүйріктер» болып бөлінді. Оқушылар сарайымыздың алдында әр түрлі түсті борлармен әдемі суреттер мен жан – жануарларды, бақытты балалық шақты, ашық аспан мен гүлдерді салды. Сарайымыздың артқы жағында әр түрлі самалеттерді ұшырып, керемет әсер алды. Ойын алаңында оқушылар ертегі кейіпкерлерімен әр түрлі қызықты конкурстар мен іс – қимылды ойындар ойнап жарысты.

    Мереке жақсы деңгейде өтті, оқушылар керемет әсерде болды, алғыстарын айтты.