Кітап-сарқылмас қазына
11-02-2019 00:44
Кітап-сарқылмас қазына

          С.Сейфуллин атындағы  № 7мектеп-гимназиясының және  № 8 орта мектеп  кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы  аясында   «100 кітап аллеясы»  акциясы бойынша   буккроссинг  өткізілді. Оған қаланың барлық кітапханашылары мен  оқушылары  қатынасты. Буккроссингтің басты мақсаты ол- үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға  екінші өмір сыйлау, оқырмандар арасында  кітап алмастыру  әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаға оқырмандарды тарту,  күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу.Технология    қанша  дамып  жатыр  десек те қай  заманда  болмасын  кітаптың  орны  биік  тұрары  сөзсіз.Қолмен ұстап,оны парақтап оқудың орны бөлек. Кітап біздің  асыл қазынамыз,білімнің кілті кітапта екенін ұмытпағанымыз жөн. . «Кітап оқуды қойған адам – ойлауды да қояды» деген,сондықтан  кітап оқиық,қадірлейік.Шараның соңында   буккроссинге қатынасқан көрермендер №7мектеп-гимназиясының  4 сынып  оқушыларының  дайындаған  «Кітап-сарқылмас қазына» атты әдеби-музыкалы монтажды тамашалады.