Салауатты өмір салты
16-06-2018 11:26
Салауатты өмір салты

           Бүгін «Алау»  жазғы лагерінің демалушылары  тәрбиешілермен бірге Балқаш қаласы төтенше жағдайлар  өрт сөндіру авариялық-құтқару бөліміне (ӨСАҚБ) барды.Онда өрт сөндірушілердің қызметімен, өрт сөндіру құралдарымен танысты.  Балалар өрт сөндірушілерге өздерінің білгісі келген сұрақтарын қойды. Өрт сөндіру авариялық-құтқару бөлімінен балалар қажетті ақпараттар алып қайтты. Сонымен бірге, мектеп медбикесі Монтаева Д.К. демалушыларға қазіргі кезде  таралып жатқан минингит инфекциясы туралы түсінік берді. Инфекцияның таралу жолы, белгілері, алдын алу шараларымен таныстырды. Менингит инфекциясынан сақтану жолдары: таза ауда жиі серуендеу, бөлмеге ылғалды тазалық жұмыстарын жиі жүргізіп, желдету, дұрыс тамақтану, көп адам жиналатын жабық жерлерге көп бармау, науқас адаммен байланыс жасамау екенін түсіндірді.