«Жұлдыз жауған күн»
13-06-2018 12:26
«Жұлдыз жауған күн»

         «Алау» жазғы лагерінің IIауысымы да басталды. Лагердегі өтіп жатқан іс-шаралар көңілдерінен шығып, II ауысымға демалушылар құлшыныспен келді.  Лагерь демалушылары бүгін өз өнерлерін ортаға салды. Музыка жетекшісімен бірге көңілді балалар әндерін орындады.Тәрбиешілерімен бірге бірдей қимылмен ,бір әуеннің ырғағымен би билеп, көңіл көтерді. Би билеумен қатар, ойындар да ұйымдастырылды. Балалар «Дискотека», «Көңілді би», «Көңілді клоун», «Қызықты қимыл» , «Кім жылдам» ойындарын аса қызығушылықпен ойнады.