«Алау» жазғы лагері
07-06-2018 15:24
«Алау» жазғы лагері

      «Алау» жазғы лагерінің демалушылары бүгін көл жағалауында орналасқан балалар алаңына топсеруен жасады. Балалар алаңында ойындар ойнап,бойларын жазды. Ойын алаңынан шыққан соң, көл жағалауындағы «Суда құтқару бекетіне» барып, құтқарушылардың жұмыстарымен танысты. Құтқарушылар суға бату жағдайында көрсетілетін алғашқы көмекті, суға бату қауіпі туған адамға қандай көмек көрсету қажет екендігін көрсетті. Суда өзін-өзі ұстау ережелерін таныстырды. Демалушылар «Судан құтқару бекетінен» өз өмірлеріне қажетті мағлұмат алып қайтты.