«Бір аймақ-бір кітап» облыстық акциясы аясында
29-01-2018 18:11
 «Бір аймақ-бір кітап» облыстық акциясы аясында

       Оқуға берілген  Қазақ ертегілерін  2-4 сынып оқушылары  жаппай оқуда.  «Бір аймақ-бір кітап» облыстық акциясы аясында   08.01.-15.01. 2018 жыл аралығында  2-4 сынып оқушыларына  оқуға берілген  қазақ ертегілері  оқушы деңгейіне қарай талданып, тыңдалды. Осы орайда, 2б, 3г- сынып  жетекшілері  Қашқынбаева Назгүл, Айгерім Мұхамедиева және мектеп  кітапханашыларының  ұйымдастырумен оқушылар арасында ертегілерді  талдауға арналған сыныптан тыс шара   өтті. Іс-шараға белсене қатысқан оқушыларды ерекше атап өтсек: 2б- сынып оқушылары  Ералықызы  Мерей, Сәбит Нұрай, Жамел Ерасыл, Толеукутова Аружан, 3г- сынып оқушылары Ермекқали Нұрхат, Абзали Елжан, Хабдысалим Гүлсара.   Ертегі тыңдау арқылы баланың ой-өрісі дамып, рухани жан дүниесі тазарады.