«Буккроссинг»
29-01-2018 18:05
«Буккроссинг»

   «Буккроссинг» кітап айналым акциясы С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында өтіп  жатыр.  Арнайы кітап қойылған сөреден оқушылар таңдаған кітаптарын алып оқып және  үйлерінен сөреге кітаптар әкеп қойып жатыр.«Буккроссинг» сөзін (ағыл. «bookcrossing») қазақшаға аударғанда «кітап сыйлау» немесе «кітаптың айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді. Буккроссинг бүгінде бірегей қоғамдық қозғалыс болып табылады. Оның мәні өте қарапайым: буккроссинге қатысушы адам өзі оқыған кітапты басқалардың да оқуы үшін қоғамдық орында (саябақ, кафе,аялдама, кітапхана және т.б)  қалдырады, екінші адам алған кітабын оқып шыққан соң дәл солай келесі адамдарға ұсынады. Осы акция бойынша оқушылар арасында  бір-біріне  кітап сыйлау науқаны жүріп жатыр. Атап айтсақ, 8 «Д» сынып оқушысы Қобыланқызы Сабина,2 «Б»сынып  оқушысы Ералықызы Мерей,10 «А» сынып оқушылары Төлеутай Алтынай,Дарибекова Айзат,Мұхамеджанова Алтынай,6 «Д» сынып оқушылары  Қажымұратұлы Ернат,Мұхтарбеков  Саржан,7 «А» сынып оқушылары Сарина Малика, Абентаева Дильназ  және №3 кітапхана филиалының қызметкерлері. Акция өз қолдауын тауып әрі қарай жалғасын табады деген ойдамын.