Латын әліпбиінің негізін қалаушы
29-01-2018 18:02
Латын әліпбиінің негізін қалаушы

     Ұлт мақтанышы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдық мерейтойына орай, 2018 жылдың 18 қаңтар айында  №3 кітапхана-филиалы және №7 мектеп-гимназиясының  кітапханашыларының ұйымдастыруымен 7 «А» сынып оқушыларымен Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Латын әліпбиінің негізін қалаушы»  атты ақпараттық мәлімет сағаты өткізілді. Халықтың рухани  көсемі Ахмет Байтұрсыновтың  өмірі мен қызметіне арналған   «Жылдар сөйлейді» атты тақырыбымен «Жас талап» клубының жас оқырманы  Абдикаримова  Арайлым  еңбек жолын  баяндады. Жас оқырмандарымыз  ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында біраз мағлұмат алды. А. Байтұрсыновтың ұсынған төте жазуымен   қазіргі ұсынылып отырған латын әліпбидің жобасымен әр оқушы жеке  салыстырып тақтаға жазды. Іс-шара барысында  тарихи тұлғаның шығармаларын  насихаттайтын арнайы кітап көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды.