М.Әуезов-дара тұлға
30-11-2017 05:04
 М.Әуезов-дара тұлға

     Ұлы жазушы, данышпан ойшыл, ғұлама  ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына биыл 120 жыл толып отыр. Осы орайда  С.Сейфуллин атындағы №7мектеп-гимназиясы  кітапханасының оқу залында, кітапхана меңгерушісі: Байжұманова Саягүлдің  ұйымдастыруымен «М.Әуезов-дара тұлға» атты әдеби танымдық кеш өткізілді. Кештің мақсаты: жазушының өмірі мен әдеби шығармашылығымен таныстыру және оқырмандар қызығушылығын арттыру. Кеш соңында жазушы шығармалары мен ғалымдар зерттеулері, баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар жинақталған кітап көрмесі ұйымдастырылып, «М.Әуезовтың  дара  жолы» атты слайд-шоу көрсетілді.