«Бір аймақ-бір кітап» облыстық акциясы аясында
21-04-2017 03:46
«Бір аймақ-бір кітап» облыстық акциясы аясында

  Акция мақсаты: жалпы қоғам назарын кітап оқуға байланысты қызығушылықтың  төмендеуіне, адамның   жеке  тұлғасын қалыптастырудағы кітаптың рөліне аудару, оқырман мәдениетін дамыту және қолдау. Қарағанды облысы  аймағында өткізіліп жатқан  «Бір аймақ-бір кітап» облыстық акциясы аясында мектеп оқушыларының атсалысуымен   2-4 сыныптарға  Ыбырай  шығармалары  таңдалынып оқылды. «Бақша ағашы», «Таза бұлақ» әңгімелері  бойынша көрініс көрсетілді. Оқушыларды Ыбырай әңгімелеріндегі кейіпкерлердің жақсы мінез-құлық, орынды іс-әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке, қамқорлық жасауға баулу.Ыбырай атаның әр еңбегінен оқушы рухани тілектеріне жауап табады. Алтынсарин шығармаларын қолдан түсірмей оқуға  шақырамыз.