Лицейді әлемге танытып жүрген – Мейіржан!

Дата: 2019-04-23 10:22:28
Лицейді әлемге танытып жүрген – Мейіржан!

Лицейді әлемге танытып жүрген – Мейіржан!

         Польшаның Варшава қаласында өткен халықаралық, республикалық  жобалардың жеңімпаздары қатысқан «Сравнительный анализ Европейской системы образования на примере Республики Польша: Детский сад – школа – ВУЗ» халықаралық конференциясына лицейдің 7А сынып оқушысы, оқу үздігі Алғамжанов Мейіржан қатысып келді. Мәскеу қаласында өткен халықаралық конференцияда жүлделі І орын алып, осы конференцияға жолдама алған болатын. Мейіржанның тақырыбы: «Жеңіс Қашқынов – Еуропа әдебиетін қазақ тілінде сөйлеткен шебер аудармашы» , өзіміздің өлкенің жазушысы, аудармашы Жеңіс Қашқыновтың еңбек жолына арналады. Конференцияда Мейіржан өзінің ойын ортаға еркін, әдебие тілде жеткізе білген, аудиториямен еркін сөйлесе алатын  спикерлік қабілетін жоғары көрсеткен оқушы ретінде әділқазылар алқасының бағалуына ие болды. Конференция нәтижесі мамыр айында белгілі болады, Мейріжан конференцияның халықаралық сертификатына және ынталандыру сыйлығына ие болды және Польшаның Варшава қаласының әдемі жерлерін тамашалап келді. Оқушының ғылым шыңында еркін самғап жүруіне  ғылыми жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балтабай Ақерке Сәтімбекқызының еңбегін айтпай кетуге болмайды.  Мейіржанға және ғылыми жетекшісі Ақерке Сәиімбекқызына сәттілік тілей отырып, лицей, қала, облыс, республика мәртебесін көтеріп жатқан табысты оқушы ретінде Алғысымызды білдіреміз!

«Болашақ» ОҒҚ тілшілері

Автор: №2 Лицей