VII Т.Ғ.Мұстафин атындағы облыстық «Математикалық бәйге»

Дата: 2019-04-03 15:28:20
VII Т.Ғ.Мұстафин атындағы облыстық «Математикалық бәйге»

Жарайсыңдар!

29.03.2019 ж. күні Қарағанды қаласында «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатында VII Т.Ғ.Мұстафин атындағы облыстық «Математикалық бәйге» өтті. Сайысқа Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласындағы барлығы 18 команда қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша Абай атындағы №2 лицейдің «Болашақ» командасы бас жүлдеге ие болып, сайыс кубогын жеңіп алды. Құрамында математика пәні бойынша лицейішілік, қалалық олимпиада жеңімпаздары, 7А сынып оқушылары:Алғамжанов Мейіржан, Малыбаева Әнел, 8Б сынып оқушылары: Рахман Ерхан, Есенгалиев Алихан. Пән мұғалімдері: Иманбекова Б.Б., және Жұман Д.Ж.

Құттықтаймыз!

ОҒҚ тілшілері