«Менің өмірімдегі ең қызықты күн» атты өткізілген іс-шараның ақпары

Дата: 2018-06-19 12:04:21
 «Менің өмірімдегі ең қызықты күн» атты өткізілген іс-шараның  ақпары

Маусым айының 18-і күні «Балауса»жазғы сауықтыру лагерінің демалушылары  «Микки Хаус» ойын-сауық орталығына серуендеп барды. Балалар орталықта әр түрлі танымдық, қозғалмалы ойындар ойнап, есте қаларлық ең қызықты күндерін өткізді. Сондай-ақ, лагерь демалушылары оқушылар сарайына барып, түрлі үйірмелерге қатысты. Би билеп, сурет салуды, мүсіндеуді үйрене отырып, өз өнерлерін ортаға салды.