«Су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелері»

Дата: 2018-06-15 12:32:45
«Су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелері»

15.06.2018 күні №4 мектептің 10 сынып оқушыларынан құралған «Акватика» еріктілер тобы лагерь демалушыларына келіп, кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында «Су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелері» жайлы бейне-жазба, ойын арқылы құнды мәліметтер ұсынды. Оқушылар кездесу соңында алған әсерлерімен бөлісіп, ойларын суреттері арқылы жеткізді.

Автор: №2 Лицей