Размер шрифта:

«Қош келдіңдер, балдырғандар!», екінші маусым

Дата: 2018-06-14 09:46:40
«Қош келдіңдер, балдырғандар!», екінші маусым

Мамыр айының 11-і күні «Балауса» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысының екінші маусымын бастады. Лагердің бірінші күнінде «Қош келдіңдер, балдырғандар!» атты танысу кеші өтті. «Балауса» лагерінде демалушы балалармен лагерь қызметкерлері таныстырылды. Барлық топ балаларымен бірге лагерь ұраны мен әні орындалып,  әр топ өздерін таныстырып шықты. Осыдан кейін оқушылар сарайына барып, әртүрлі үйірмелерге қатысты. Үйірме жетекшілері оқушылардың қалауына орай үйірмелерге тартып, балаларға көңілді ортада жан-жақты жұмыс жасауға мүмкіндік тудырды.  Әр баланың жеке қабілетін шыңдай түсуге жол берген үйірме жұмыстары балдырғандардың қуанышын еселей түсті.