«Өрт сөндіру» бекетіне танымды экскурсия

Дата: 2018-06-08 11:44:05
«Өрт сөндіру» бекетіне танымды экскурсия

     Маусым айының 7-сі күні лагерь демалушылары  «Өрт сөндіру» бекетіне барып қайтты. «Өрт сөндіру» бекетінің қызметкерлері қызықты да танымды экскурсия жасады. Балаларға алдымен өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерін айтып, балалардан өрт сөндірушілер туралы, өрт бола қалған жағдайда қандай нөмірге қоңырау шалу керектігін сұрап өтті. Сонымен бірге өрт сөндіретін арнайы көліктер гаражына барып, өрт сөндіретін  көліктердің түрлерімен, олардың қыр-сырын айтып, таныстырды. Өрт сөндірушілердің арнайы киімдерімен таныстырды.