«Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде өткізілген іс-шаралар ақпары

Дата: 2018-06-07 09:12:03
«Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде өткізілген іс-шаралар ақпары

Маусым айның 6-сы күні «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің демалушылары мен топ тәрбиешілері қаламыздағы көрікті ғимараттардың бірі «Оқушылар сарайында» қонақта болып қайтты. Онда оқушылар актерлік шеберлік үйірмесіне қатысып, өздерін жаңа қырдан көрсете білді.

Үйірменің мақсаты оқушыларға актерлік өнерді сахна кейіпкерлері арқылы, қоғамға деген көзқарасын қалыптастырып, ойларын еркін, толыққанды әрі нақты жеткізуге болатындығын түсіндіру. Сахна мәдениетін сақтауға тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар тақырыпқа сай, аттары аңызға айналған тұлғалардың бейнелерін бір қойылымға сыйғызып, композициялық көрініс көрсетті. Оқушылар үйірмеден ерекше әсер алып,өз ойларымен бөлісті.