«Ұлы Абай ізімен» атты сөз шеберлері байқауы

Дата: 2018-05-02 08:53:38
«Ұлы Абай ізімен» атты сөз шеберлері байқауы

27 сәуірде қаламыздағы  № 9орта мектепте  Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қалалық дәстүрлі  Абай оқуы болып өтті. Жыл сайын өтетін  бұл сайысқа лицейімізден 3 оқушы қатысты.

«Ұлы Абай ізімен» атты сөз шеберлері байқауында бақ сынаған 6 Б сынып оқушысы Сәбит Сырым ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.  Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін  мәнерлеп оқыған Сырымның келешекте бұдан да үлкен табыстарға жететініне сеніміміз мол.