«Ер рухын көтерген ер» байқауы

Дата: 2018-04-27 23:08:01
«Ер рухын көтерген ер» байқауы

23 сәуір күні қаламыздағы Русаков атындағы №2 мектеп-интернатының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның Халық Қаһарманы , партизан жазушы Қасым Қайсеновтің  туғанына 100 жыл толуына арналған «Ер рухын көтерген ер» атты мектеп оқушыларының арасында өткен көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауында лицейіміздің 10 А сынып оқушысы Бағдәулет Әйгерім жүлделі 1-орынды иемденді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амирбаева  Газима Мажитовна  шәкіртінің жеңісіне дән риза.