Балқаш қаласының алтын есімдері

Дата: 2018-04-12 10:21:32
Балқаш қаласының алтын есімдері

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруда қаламызда көптеген іс-шаралар, жұмыстар жүзеге асырылуда. Қаламыздың орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапхана-филиалымен әріптестік аясында лицейіміздің 8 «Ә» сынып оқушыларымен «Балқаш қаласының алтын есімдері» атты бейнекруиз өтті. Бейнекруиз аясында өлкеміздің өнер қайраткерлеріне арналған бірнеше бейнебаяндар көрсетілді. Атап айтсақ, Балқаш қаласының Ақтоғай өңірінен шыққан шебер күйшілер, жезтаңдай әншілеріміз Ш.Қошқарбайұлы, Н.Орманбетұлы, К.Байсейітова, М.Ержанов, М.Хамзин. Осы кісілердің жырларынан өлкеміздің, елдің шежіресін танимыз. Өскелең ұрпаққа аймағымыздың мақтан тұтатын ақындарын, әншілерін, күйшілерін зерделеп, өмірлерінен сыр шерткен осындай танымдық шараның өз деңгейінде өтіп, оқушыларымыздың  рухани қазыналарына айналғаны ақиқат.