Қалалық «Алғысым шексіз саған, Қазақстан» шығарма байқауының ақпары

Дата: 2018-02-01 12:51:19
Қалалық «Алғысым шексіз саған, Қазақстан» шығарма байқауының ақпары

Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында  2018 жылдың 29 қаңтары күні  Оқушылар сарайында  қала мектептерінің «Жас Ұлан»  бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы оқушылары арасында  қалалық «Алғысым шексіз саған, Қазақстан» атты  шығармалар байқауы өтті. Байқауға қала мектептерінің 7-9 сынып оқушылары қатысты. Әділ қазылар құрамында: бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ұстаз ұйымдастырушылар болды.

Әділ қазылар шешімі бойынша:

І орын – лицейіміздің 8А сынып оқушысы Қайыржанов Диасқа берілді
ІІ орын - Абдыкошова Диана 7А сынып (№ 24 орта мектеп)
ІІ орын - Кәрібай Ерсұлтан 8А сынып (№ 2 мектеп-интернат)
ІІІ орын - Мағаз Адай 8Ә сынып (№ 15 мектеп - лицей)
ІІІ орын - Төленді Таңгүлім 9Б сынып (№ 8 орта мектеп)

 

Номинация бойынша :
«Ұшқыр ой» - Мухаметжанова Алтынай 10 А сынып (№ 7 мектеп-гимназия)
«Жас тілші» - Қыдырбай Жансұлтан 7В сынып (№ 16 орта мектеп)
«Сөзге ұста, ойға шебер»- Туғамбай Ханшайым 9 сынып (№ 25 орта мектеп) марапатталды.