Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Дата: 2017-10-24 15:03:24
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

     Қазан айының 24 жұлдызында Абай атындағы №2 лицей қабырғасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, сонымен қатар «Туған жер», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» атты жобалардың жүзеге асырылуы барысында қаламыздың құрметті азаматы, жергілікті ақынымыз Бөлекова Мөлдір Иманғалықызымен кездесу кеші  өтті. Ел дамуына зор үлес қосқан, ақылымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан азаматтарды қоғамға таныстыру десек, көпшілігіміз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөздің байыбына бара бермейміз. Сондай азаматтардың бірі қаламыздың құрметті азаматы, жергілікті ақын апайымыз Бөлекова Мөлдір Иманғалықызы. Кеште ақын өлеңдерінен жыр жолдары төгіліп, дарынды оқушыларымыз ән-шашуларын күмбірлеген домбырамен зерделеп, әсерлі де мәнді кездесу болып өтті. Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Өскелең ұрпақ туған жерінің әр тасын бағалап, мәнісін түсіне білу, құрметті азаматтарын біліп, қадірлеу әр ұрпақтың басты міндеті. Бүгінгі шара соны айшықтап, оқушыларымызға жүктелген міндеттердің маңыздылығын нақтылап берді деген ойдамыз.