ЖББ №25 орта мектебінде 2018-2019 оқу жылының «1 наурыз – Алғыс айту» күніне байланысты өткізілген іс-шаралар туралы анықтама мен фотоесеп

Дата: 2019-03-11 15:00:58

    ЖББ №25 орта мектебінде 2019 жылдың 24 ақпаны «Алғыс айту» күнінің жұмыс жоспары жасалынып, 26 ақпан күні сынып жетекшілері мен 1-10 сыныптың оқушыларына таныстырылды.

    26 ақпан күні мектептің 1 қабатына «Ұлт бірлігі-ұлы байлық» тақырыбында тақырыптық бұрыш ұйымдастырылды. Сонымен бірге мектептің кітапханашысы Б. К. Қазбекова мектеп кітапханасына «Біздің күшіміз бен гүлденуіміз- Қазақтан халқының бірлігінде» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесі мен бұрышты мектеп оқушылары тамашалап ,өздеріне керекті көптеген мәліметтер алды. 1- 4 сыныптар арасында «Алғыс айта білейік» тақырыбында сап жиыны, 5-10 сыныптар арасында «Татулық- бірлік бастауы» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар мектебіміздің жоғары сынып білім алушылары кент кітапханасында ұйымдастырылған Қазақстан халқы Ассамблеясының бұрышын ашу салтанатына қатысты. Іс-шарада білім алушылар қаламыздың ұлттық  мәдени  орталықтарынан  келген  әр  ұлт  өкілдерімен  кездесу өткізді.

        27 ақпан күні 5, 6 сыныптар «Достық пен қайырымдылық әлеміне саяхат»   ойын-сауық   бағдарламасы  өткізілді.

    26.02-03.03.19 жыл  аралығында мектебіміздің І қабатында «Менің Қазақстаным, сенің келешегің зор»  тақырыбында видеороликтер көрсетілді. Сонымен бірге осы уақыт аралығында әлеуметтік педагогтердің ұйымдастырылуымен «Алғыс айту және ризашылық» акциясы жүргізілді. Акцияға 5-9 сынып білім алушылары қатысты. 1-3 сыныптар арасында «Алғыс айту  күні- махаббат,  мейірімділік,  жарқындық мейрамы» спорттық ойындар ұйымдастырылды.

    1 наурыз күні мектепте  2-9 сыныптар арасында «Бір шаңырақ астында» атты ұлттық тағамдар көрмесі болды. Көрмеге түрік, орыс, украин, грузин, татар, неміс, ұйғыр, тәжік халықтарының ұлттық тағамдары қойылды. Іс -шараға барлық сыныптар белсене қатысты.

     2 наурыз күні 6, 7 сыныптарда  «Бір шаңырақ астында»  суреттер сайысы өткізілді. Сайыста 8А сыныптың  білім алушысы  Мухажанов Д І орын, 7-сыныптың білім алушысы  Рамазанова С.ІІ орын, Тлеубай А. ІІІ орынға ие болды. Жеңімпаздар  мақтау қағазымен   марапатталды.

     3 наурыз күні 4-сынып білім алушылары Оқушылар сарайында ұйымдастырылған «Қазақстан- біздің ортақ үйіміз» атты интеллектуалды ойынына қатысты.

3 наурыз  күні  «Алғыс айту» күніне байланысты өткізілген іс-шаралар  қортындыланды.