«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампаниясының жоспарына сәйкес сәуір айының 23 мен мамыр айының 4 аралығында өткен іс-шаралар ақпары

Дата: 2018-06-06 13:08:40

     2018 жылғы 23 сәуірде ЖББ №25 орта мектебінде «Интернет және біз» тақырыбында  жалпы мектептік саптүзеу болып өтті. Мұнда мектебіміздің директорының АКТ жөніндегі орынбасары М.Б.Имашова осы науқан барысында өтетін іс-шаралармен таныстырды.

         25 сәуір күні Ақпараттық кампанияны ақпараттық қолдаумен қамтамасыз ету мақсатында «Ғаламтордағы қауіпсіз өмір ережелері» тақырыбында ата-аналарға арналған жадынама таратылды.

         Сәуір айының 26 жұлдызында мектебіміздің психологы Тулеубаева Гульзагира Жанатовнаның  қатысуымен «Интернеттің алдын алу – оқушылар тәуелділігі» тақырыбында оқушылармен кездесу өтті.

      Сәуірдің 30 күні «Интернеттегі қауіпсіздік» тақырыбында 6 А,Б сынып оқушыларына бейнероликтер көрсетілді.

         Көрсетілген шараларды іске асыру нәтижесінде ата-аналар мен балалардың, педагогтардың интернет сауаттылығын көтеру күтілуде, сонымен қатар шараға қатысушылардың интернетті қауіпсіздік күйге келтіру, интернет жүйесіндегі әңгімелесушімен әңгімелесу барысында құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыру.