ЖББ №25 орта мектебінің 2017-2018 оқу жылындағы 26-28 желтоқсан аралығында «Төрлет, құтты Жаңа жыл» атты мерекесінің өткізілуі туралы

Дата: 2018-01-03 12:31:14

ЖББ  №25 мектебінде  2017-2018 оқу жылындағы 27.12.2017 жылы сағат 10.00-де  шағын орталық,даярлық топтарында ертеңгіліктер өтті.Мерекелік іс-шараны Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысына   мектебіміздің директоры С.Х.Сыздыкова  өзінің құттықтау сөзімен ашып берді.Жасыл шырша жанында өткен бұл ертеңгілікке 60 бала қатысты.Мерекеге келген бүлдіршіндеріміздің ата-аналары өз балаларының өнерлерін тамашалады.Барлық бүлдіршіндер  ертегі кейіпкерлерінің бейнесіндегі мерекелік костюмдер киіп,өз өнерлерін көрсетті.Өнерлерін көрсерткен бүлдіршіндерге Аяз ата мен Ақшақар өз сыйлықтарын үлестірді.

27 желтоқсан күні 1-4 сыныптар арасында сағат 12.00-де және 15.00-де «Жаңа жыл -2018» атты мерекелік  ертеңгілік өтті. Мерекеге оқушыларымыздың ата-аналары да өз үлестерін қосты, жаңа жыл мерекесіне арналған қабырға газеттерін шығарды. Шығарылған газеттер жинақталып, қортындыланды. Жеңімпаз сыныптар  алғыс хатпен марапатталынды.Жүргізушілер ертеңгілікке келген ата-аналармен ойындар ойнатты,жеңімпаз ата-аналарға  сыйлықтар таратылды.

26 желтоқан күні  5-8 сыныптар арасында  мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.Әр сыныпта  мерекеге байланысты әр сыныптың  дайындаған өнерлерін келген ата-аналар мен ұстаздар тамашалады.

Желтоқсан айының 28-і күні сағат 17.00-21.00 аралығында 9,11 сынып оқушылары және мектеп ұжымымен бірлескен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.Мерекені 11 сынып оқушылары ұйымдастырды.мерекеде оқшылар өз өнерлерін көрсеті.Мерекеде оқушылар мен ұстаздардың жұптаса билеуі мерекенің сәнін кіргізді,сонымен бірге мерекенің срңы би кешіне ұласты. Кешке келген ата-аналар балаларының өнерлерін тамашалап,көтеріңкі көңіл-күймен өз үйлеріне тарасты.Әр жылдың өз ерекшеліктері бар болатындығына сәйкес биылғы жалы әр іс-шараға оқушылардың барлықтары қатыстырылып, өз үлестерін қосты.

Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық!  Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар! дей отыра жаңа жылдық іс-шараларымызды қорытындыладық.