Ата-аналар жиналысы

Дата: 2016-11-02 10:53:13

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде қазан айының 28 күні мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.Жиналысқа мектеп әкімшілігі, психолог, сынып жетекшілержәне 60 ата-ана қатысты.

Күн тәртібінде  Қ.Р нормативтік  -құқықтық актілерін түсіндіру,балаларға зорлық-зомбылық көрсету және қатал қараудың алдын алу бойынша мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдасбекова Маржан Мағазовна баяндама оқыды.

 «Бейәлеуметтік жүріс-тұрыстың алдын алу» тақырыбында мектебіміздің психологы Тулеубаева Гүлзағира Жанатқызы бейнероликтер көрсетіп, ата-аналарға кеңестер ұсынды.

Интернет желісін пайдалануда балалардың   пайдалануда балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз  ету мақсатында «Ата-аналар бақылауы»  мәселесі бойынша директордың ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасары Имашова Макпал Баймұратқызы сөз сөйлеп,ата-аналарға балалардың интернет желісін дұрыс пайдалануы бойынша кеңестер айтты.