«31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» арналған іс-шараның өткізілуі туралы ақпары

Дата: 2016-05-31 10:28:44

   2016 жылы 31 мамырда сағат 11.00-де «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» арналған «Тарихқа тағзым» атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатына 6-8 сынып оқушылары қатысты. Сынып сағаты репрессия жылдары халықтың мұңын жоқтаған, отаршыл жүйенің құрбаны болған ел азаматтарын еске алу  үшін 1 минут үнсіздік  жариялануымен басталды.  Сынып сағаты барысында  «30-шы жылдардағы  отаршыл жүйенің озбырлығынан еліміздің бастан кешкен трагедиясы» атты видеофильм көрсетілді. Сынып сағатында сол кездегі  сталиндік үлкен террордың қаралы жалыны шарпымаған ешкім қалмағанын, зұлмат Совет одағының құрамындағы барлық елді, барша ұлт пен ұлысты, түрлі жастағы азаматтардың бәрін де қамтыған болатыны туралы айтылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мәңгілік Ел» патриоттық актысы – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында жеткен жетістіктеріміздің негізі екенін түсіндіру мақсатында «Тәуелсіз Мәңгілік Ел» видеофильмі көрсетілді.