ЖББ №25 орта мектебінде 2016 жылдың 5 наурызы күні өткізілген Балқаш қаласының білім бөлімінен келген ақпараттық хатпен таныстыру мақсатында өткізілген ата-аналар жиналысы

Дата: 2016-03-11 09:22:06

ЖББ №25 орта мектібінде 2016 жылың 5-інші наурызы күні сағат 12.00-де 1-11 сыныптың ата-аналарына «Коммуналдық қызметтің  жұмысының дұрыс жүргізілмеуінің салдарынан кездесетін қауіпсіздіктің алдын алу бойынша»  ақпараттық хатпен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Ақпараттық хатпен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  М.М. Жолдасбекова мен алғашқы әскери даярлық  жетекшісі Н.К.Амантай таныстырды. Ақпараттық хатта Қарағанды облысы бойынша қайғылы жағдайға душар болған отбасының балаларының қайғылы жағдайлары туралы айтылып өтілді. Сонымен бірге әр ата-ананың өз баласының қауіпсіздігінің алдын-алу бойынша кеңестер берілді. Өзіміздің тұрғылықты жерімізде мөлтек  ауданның көшелерінде  ашық  жатқан  қақпағы жоқ су құбырлары және жерде жатқан электр желісінің сымдары кездессе бала өмірінің қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында бірден мектепке немесе жауапты мекемелерге хабар берулері керектігі жөнінде ескертілді. Сынып жетекшілеріне  де сынып сағаттарында өз сыныбындағы оқушыларына  «Өмір қауіпсіздігі» туралы кеңестер беріп, әңгіме  сағаттарын үнемі өткізіп отырулары керектігі жөнінде ұсыныстар берілді. Қазіргі уақытта балалардың өмір қауіпсіздігінің алдын алу және тұрмыстық жарақаттарды  болдырмау  керектігі  үнемі ескеріп,есте сақтап,алдын алу бойынша ата-аналармен бірлесе жұмыстар жүргізуіміз керек.