«Берекелі алтын күз» атты ертеңгілік

Дата: 2015-11-11 06:35:36

    «Мерей» шағын орталығында  қазан айының 26 күні  «Берекелі алтын күз» атты   ертеңгілік өтті. Бұл іс шараның негізгі көздеген  мақсаты балаларды күз мезгілінің құбылыстарымен таныстыру. Дәнді – дақылдар, жемістер мен көкеністер туралы білімдерін кеңейту.Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау.

   Күз мерекесіне орай қонаққа күз ханшайымы келіп ,өзінің балаларының  өнерін тамашалауға, және сый - сияпаты бар екенін де  жасырмады.Балалар тақпақтарын айтып, ән мен билерін билей отырып ойындар ойнады. Көкеністер мен жемістерімізді ажыратты. Сонымен қатар ата – аналарымыз  жұмбақтар шеше отырып, өздерінің озық екенін көрсетті.Балалар шашылып жатқан жапырақтарымызды жинай отырып, артынан қыздарымыз жапырақтар  биін биледі.Күз ханшайымы өзінің  жеміс - жидектерін таратып, өнерлеріне риза болғанын айтып балалармен қош айтысты.