Қамқоршылық Кеңес отырысының №1 хаттамасы

Дата: 2018-09-21 16:44:55
Қамқоршылық Кеңес отырысының №1 хаттамасы

21. 09. 2018 жыл

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1. 2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмыстаресебі.Қамқоршылық кеңесі төрайымы   Ахмедина А.

2. 2018-2019 оқу жылына құрылатын Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын талқылау, бекіту.

3. 2018-2019 оқу жылындағы қамқоршылық кеңесінің төрайымы мен мүшелерін бекіту. 

4. Мектепке жол – 2018 акциясы бойынша атқарылған жұмыстар.

Қатысқандар: Мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, қамқоршылық кеңес мүшелері  - 9 адам, мектептің ата – аналар комитетінің мүшелері, әкелер және аналар кеңесі мүшелері – 35 адам

1. Тыңдалды: 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрайымы А. Ахмедина Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрімен  бекітілген 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен  Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны
сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын,  жалпы ережелерін  қамқоршылық кеңесінің міндеттері мен атқаратын іс-әрекеттері жайлы еске салып өтті, содан кейін 2017-2018 оқу жылында  қамқоршылық кеңесі  мүшелерімен бірлесе атқарылған жұмыстардың есебін берді. Жыл бойынша мектепішілік іс-шаралар: «Алтын күз», «Жаңа жыл!», Наурыз мерекелерінде, әртүрлі байқауларға қатысу, жазғы демалыс ұйымдастыруда ,т.б. өткізілген іс-шараларға қатысып, қолдау көрсетіліп отырылғанын айтты. Тоқсан сайын мектеп асханасының жұмыс барысын тексеру мақсатында акт толтырылып, жағдайы бақылауға алынды. 1 маусым –балалар күніне орай іс – шараның өз деңгейінде өтуіне демеушілерден көмек көрсетіліп,  балаларға тәтті сыйлықтар таратылғанын да айтып өтті.  

2, 3 Екінші, үшінші сұрақтар бойынша қамқоршылық кеңесі төрайымының орынбасары Д. Сейтқалиева   2018-2019 оқу жылына арналған  Қамқоршылық кеңесінің жылдық жұмыс жоспарымен таныстырып өткеннен кейін , биылғы жылғы кеңес мүшелерінің құрамын бекітуді сұрады. Кеңес төрайымы А. Ахмедина  жыл бойына ешкім ешқайда кетпегенін және де кеңес құрамы 3 жылға бекітіліетінін айта келе осы құрамды толықтай қалдырыуға ұсыныс жасады. Кеңес мүшелері ұсынысты, және де жылдық жоспарды бірауыздан қабылдады.

4. Келесі сөзді мектептің әлеуметтік педагогы  А. Катенова алып, биылғы «Мектепке жол – 2018» акциясының өту барысына тоқталып өтті.  Акция барысында 66 баланың ата-анасынан көмек сұраған өтініш түскенін айтты, және де осы өтініштердің бәрі қанағаттандырылғанын, қала меценаттарының көмегімен айтылған 66 бала киіндірлгені туралы ақпарат берді. Және де акция әлі де 30 қыркүйекке дейін жалғасатынын, әлі де көмек қажет ететін аз қамтылған жанұялар бар екенін мәлімдеді. Мектеп директорының міндетін атқарушы П. С. Жамшыбаева отырыс соңында сөз алып кеңес мүшелері жұмысына оң баға беріп, алғысын білдірді. Және де акция барысында көмек көрсеткен қала меценаттарына алғыс хаттар жолдансын деді.

Шешім:

1. Қамқоршылық кеңесінің жұмысы қанағаттандырарлық деп саналсын

2. Қамқоршылық кеңестің төрайымы мен мүшелері  төмендегі құрамда, бекітілсін:

1. Кеңес төрайымы   - А. Ахмедина

2. Кеңес төрайымының орынбасары - Д. Сейтқалиева

3. Кеңес  хатшысы – А .Шукенова

Кеңес мүшелері:

1. Маканалин Т. И.

2. Крюков М.

3. Игенова Ж.

4. Муслимов А. К.

5. Жуматаев Б.

6. Қуатбеков Қ.

7. Есенова Г.

3.  Қамқоршылық кеңесінің жылдық жоспары бекітілсін, іс-шаралар мерзімге сай өткізілсін.

4. «Мектепке жол – 2018» акциясы жұмысы қанағаттандырарлық деп саналсын. Қала меценаттарына алғыс хат жолдансын.

                                                                                                  

   Қамқоршылық кеңесінің төрайымы   А.Ахмедина

Хатшы  М.Н. Сулейменова