«Болашақ» жазғы сауықтыру лагерінің екінші ауысымының жабылуы...

Дата: 2018-07-08 10:52:56
«Болашақ» жазғы сауықтыру лагерінің екінші ауысымының жабылуы...

 

   2018 жылдың 28 маусымында «Болашақ» жазғы сауықтыру лагерінің екінші ауысымның жабылуы өтті. Лагерь – кішігірім өмір! Лагерьде барлық ауысым бойы көңілді толқу болды, күнделікті қызықты оқиғалар мен іс-шараларға толы болды.

Дәстүр бойынша, лагерь ауысымының жабылуында балалар ауысым кезінде олармен болған ең жақсысын есіне алады. Лагерь сахнасында осы күні үздік концерттік номерлер көрсетілді. Балалар лагердегі қызықты және мазмұнды күндер өткізгені үшін лагерь басшысы Жамшыбаева П.С. және барлық педагогтарға алғысын білдірді.

Лагерде өткізілген іс-шаралар әртүрлі іс-әрекеттерді біріктірді: серуендер, жарыстар, сұхбат, әңгімелер, экскурсиялар, викториналар, спорттық іс-шаралар, эстафеталар. Күнделікті таңертеңгі жаттығулар өткізілді. Балалар жазғы лагерде белсенді түрде демалды.   

Әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыра отырып, педагогикалық ұжым балалардың оң қасиеттері көрініс табуы, қарқынды дамуы мен белсене түсуі үшін, сондай-ақ балаларға әртүрлі іс-әрекеттерді үйренуге, нақты білімдер мен дағдыларды игеруге және көшбасшылық дағдыларды дамытуға барлық жағдайлар жасады.

Уақыт тез өтті. Қоштасу уақыты да келді. Барлық балалар лагерде болған уақытын есіне алды. Балалардың көбісі мұңайып, бір-бірін қимай қалды. Лагерь басшысы лагерьдің барлық қызметкерлеріне кәсіби дағдылар, педагогикалық талант, рухани жомарттық және оқушыларды тәрбиелеу үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, барлық балаларға лагерь өміріне белсенді атсалысқаны үшін алғыс білдірді.