«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық Ақпараттық Кампаниясы өтуі туралы ақпарат

Дата: 2018-06-11 18:36:39
«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық Ақпараттық Кампаниясы өтуі туралы ақпарат

 

   1 маусым мен 12 маусым аралығында Халықаралық еңбек ұйымы мен Қазақстандағы ИПЕК қолдауымен 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні және 12 маусым - Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні болуына байланысты «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық Ақпараттық Кампаниясы акциясы өтуде.

Акцияның мақсаты – Қазақстанда балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жоюға, балалар еңбегінің балалардың денсаулығына әсері туралы халықты ақпараттандыру, оның ішінде үй шаруашылығындағы балалар еңбегіне назар аудару.

Бұл акция Халықаралық балаларды қорғау күнімен, Мемлекеттік рәміздер күнімен, Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күнімен байланысты.

Біздің мектепте Бүкіләлемдік балалар еңбегіне қарсы күрес күні «Күлімсіреген балалық шақ!» Ұранымен өтті.

1.06.2018 күні Балалар еңбегін пайдалану бойынша әдістемелік нормативтік құқықтық әдебиеттерге шолу.

Мақсаты: құқық мәдениеті және құқықтық сананы жетілдіру, заңды іс-әрекетке саналы түрде ұмтылуға баулу.

Міндеттері: оқушылардың, ата-ананың бойына жағымды қасиеттерді жетілдіру. құқықтық нормалар және заңның талаптарына сәйкес өзінің құқықтық білімін күнделікті өмірдің нақты жағдайларына пайдалана білуін дағдыландыру.

02.06.2018 «Бала еңбегін қорға» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: отбасындағы тәлім-тәрбие мағынасын, бала өміріндегі рөлдерінің маңыздылығын, бала құқығының бұзылу себептерін көрсету.  Жеке тұлға ретінде баланың қалыптасуына еңбек тәрбиесіне күшпен жұмсалудың тигізер әсері. Балаларға өз құқықтарының тиісті деңгейде орындалуын насихаттау. 

04.06.2018 күні Еңбек заңнамасы түсіндірілген ақпараттық материалдар таратылды. (буклет)

05.06.2018 күні «Құқықтық сауаттылық-заман талабы» тақырыбында пікірталас өтті. Мақсаты:  Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу. Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту. Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

06.06.2018 күні «Біз Қазақстанның бақытты балаларымыз» тақырыбында флеш-моб өтті.