Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мен елімді сүйемін» атты салтанатты жиын өткізілді...

Дата: 2018-06-04 15:55:33
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мен елімді сүйемін» атты салтанатты жиын өткізілді...

 

  4 маусым күні «Болашақ» балалар  жазғы сауықтыру орталығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мен елімді сүйемін»  атты  салтанатты жиын өткізілді.

Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Тарих пәнінің ұстазы Нокербекова Қорлан Имангазиевна Қазақстан Республикасының рәміздері туралы ауқымыды ақпарат беріп, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз елінің мемлекеттік рәміздерін білуге және құрметтеуге тиісті екені айтты.

Жиын соңында мектеп ұжымы мен балалар тобы қосылып мемлекеттік гимн орындады. Сонымен қатар «Біз бақытты  ұланбыз»  тақырыбында флеш-моб өтті.