Қамқоршылық Кеңес отырысының № 4 хаттамасы

Дата: 2018-05-29 19:02:29
Қамқоршылық Кеңес отырысының № 4 хаттамасы

 

 

             23 мамыр 2018 жыл

№2 мектеп-интернат КММ

 Қамқоршылық кеңесінің  төрайымы Ахмедина А. басшылығымен кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Қамқоршылық кеңесінің барлық мүшелері қатысты.

Төрайым орынбасары: Сейтқалиева Д.

Хатшы: Шукенова 

Күн тәртібі:

1. Қамқоршылардың оқу жылы аяғындағы және жаз мезгілін ұйымдастыру жөніндегі есеп беруі 

Тыңдалды: Мектеп директоры Рахимберлина З.Н. сөз сөйлеп, барлық демеушілерге мектеп ұжымының, оқушылардың атынан алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Тыңдалды:

1. Күн тәртібінде белгіленген  бірінші мәселе бойынша кеңес төрайымы Ахмедина А  2017-2018 оқу жылында   істелген іс-шаралары және  жаз мезгілін ұйымдастыру жөнінде есебі тыңдалды. Демеушілер (Маканалин Т., Крюков М., Муслимов А.) қыркүйек айында «Мектепке-жол» акциясы бойынша   42 бала киіндіріліп құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар,  жаңа жылдық мереке қарсаңында жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар, аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шықан балалар тәтті сыйлықтармен қамтамасыз етілді. Мектеп кітапханасына (Хасенғалиев Б.Е. Рахимберлина Б.Н., Нілдібаев Т. Н.) түрлі әдеби кітаптар мен энциклопедияларды сыйға тартты. Қамқоршылық кеңесі күн тәртібінде белгіленген 1-ші мәселені талқылай келе шешім етеді:

1.1. Қамқоршылық кеңесінің жыл бойғы істелген  жұмысы  қанағағаттанарлық деп танылсын.

 

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы:                                  Ахмедина А.

Қамқоршылық кеңесінің хатшысы:                                    Шукенова А.