Қамқоршылық Кеңесінің отырысы. Хаттама № 1

Дата: 2017-11-04 13:36:11
Қамқоршылық Кеңесінің отырысы. Хаттама № 1

 

  4 қараша күні №2 мектеп-интернатта Қамқоршылық Кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа Қамқоршылық кеңесінің 80 % қатысты.

Күн тәртібінде: 

1) Мектеп директорының мектепте атқарылған іс-шаралар бойынша, «Мектепке  жол» акциясы бойынша есеп беруі;

2)    Әр түрлі

Бірінші сұрақ бойынша мектеп-интернаттың мектеп директоры Рахимберлина З.Н. сөз алып 2016-2017 оқу жылында өткізілген іс-шаралар бойынша есеп берді және осы жылғы "Мектепке жол" акциясы бойынша 910 000 теңге жиналып, 42 бала  киіндіріліп, мектепке керекті құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілгені жайында есеп берді.

Шешім: барлық кепілдік көрсеткен қамқоршыларға алғыс жариялау.

 Екінші сұрақ бойынша Қамқоршылық Кеңесі төрағасының орынбасары Ақшабаева А.С. жаңа жылдық  жоспармен таныстырды.

Шешім: барлық қамқор көрестуші меценаттарға хат жіберу.